Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Адам еңбегі мен оның құқықтарын қорғау – коалицияның облыстық штабының ПВЗ зауыты жұмысшыларымен кездесуінің басты тақырыбы болды

Адам еңбегі мен оның құқықтарын қорғау – коалицияның облыстық штабының ПВЗ зауыты жұмысшыларымен кездесуінің басты тақырыбы болды

March 5, 2026 13:59

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін» жалпыхалықтық коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыс орталығының еңбек ұжымдарында жалғасуда. Облыстық штаб мүшесі Болат Қожахметов Петропавл арақ зауытына барып, жұмысшылармен Ата заңдағы негізгі өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды QZ NEWS.

Кездесу барысында спикер жаңа Конституция қарапайым еңбек адамының мүддесін басты орынға қоятынын атап өтті. Адамның құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, ең жоғары құндылық ретінде айқындалады.

Зауыт қызметкерлері жаңа жоба аясында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер мен еңбек құқықтарын қорғау тетіктері туралы сұрақтар қойды. Болат Қожахметовтің айтуынша, дәл адам еңбегі – мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі.

Өндіріс орындарында өткізілетін осындай кездесулер кері байланыс орнатуға және жалпыхалықтық референдум қарсаңында конституциялық реформалардың мәнін әрбір азаматқа жеткізуге мүмкіндік береді.

Shares