Петропавлда ерекше балаларға арналған фестиваль өтті
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында “Надежда” облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Оған 7 жастан 15 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Фестиваль вокал, ишара, аспаптық орындау, хореография және сәндік-қолданбалы өнер номинациялары бойынша өтті. Әр бала шығармашылық арқылы өзінің сезімдері мен эмоцияларын білдіруге, олардың мүмкіндіктері шексіз екенін көрсетуге тырысты.
Жарқын би нөмірлері, әдемі әндер – мұның бәрі көрермендерді таң қалдырды. Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.