Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да кадр тапшылығы: өңірде энергетиктердің жетіспеушілігіне себеп – жалақының төмендігі

СҚО-да кадр тапшылығы: өңірде энергетиктердің жетіспеушілігіне себеп – жалақының төмендігі

Петропавл және облыстың сегіз ауданына электр энергиясын тасымалдауды және бөлуді “Солтүстік Қазақстан ЭЖТК” АҚ жүргізеді. Кәсіпорында жалақы төмен, деп хабарлайды QZ Media тілшісі. Бұл мәселе облыс әкімдігінің отырысында талқыланды.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 936 адам еңбек етеді, кадр тапшылығы 253 қызметкерді құрайды. Бұл саланың тартымсыздығының негізгі себебі – төмен жалақы. Табыс небәрі 171 000 теңгені құрайды. Қызметкерлердің жетіспеушілігі тұтынушыларға электр энергиясын беру қызметінде сапасының төмендеу қаупіне әкелуі мүмкін. Яғни, бірнеше елді мекенде апаттық жағдай туындаған жағдайда, жою уақыты кешіктіріледі, ал егер ауа-райының қолайсыздығы болса, жолдарда жүру де қиынға соғады.

“Табиғи монополияларды реттеу департаменті жалақы бабын тарифтік сметада қараған кезде статистиканың ресми деректерін ескеруі қажет. Бұл сәйкессіздік білікті кадрлардың кетуін, СҚО тұтынушыларына электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсету сапасын төмендетуге әкеледі. Департамент төтенше реттеу шарасы шеңберінде жалақыны ұлғайту үшін табиғи монополиялар субъектісінің өтінішіне бастамашылық жасауы қажет, бұл кәсіпорынға табысты қосымша 2% – ға ұлғайтуға мүмкіндік береді”, – деп хабарландя облыс әкіміне.

 

 

 

Shares