Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғ.Мүсірепов ауданында күнбағыс тұқымы, астық кептіргіш пен қазандықтың үсті жанып кетті

Ғ.Мүсірепов ауданында күнбағыс тұқымы, астық кептіргіш пен қазандықтың үсті жанып кетті

25 қазанға қараған түні Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Ақ Нан Север» ЖШС-де өрт болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына 7 минут ішінде аудан орталығының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №16 өрт сөндіру бөлімінің топтары жетіп, дереу сөндіруге кіріскен.

«Олар келген кезде металл дән кептіргіште 100 тонна күнбағыс дәні жанып жатқан, өрт жақын маңдағы қазандыққа да шарпыған. Өрт 07:19-да сөндірілді. Өртті ауыздықтау қатты желдің кесірінен қиынға соққан. Жоюға Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары (жеке құрамның 21 адамы, 4 бірлік техника), «Хлебная база» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру бөлімі (1 жұмысшы және 1 бірлік техника), «ҚТЖ» АҚ өрт сөндіру пойызы (3 жұмысшы және 1 бірлік техникалық құрал) жұмылдырылды», – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт салдарынан металл дән кептіргіш, қазандықтың үсті және күнбағыс дәні жанып кеткен. Сөндіру кезінде астық сақтайтын жақын маңдағы технологиялық құрылымдарға да таралған от ауыздықталды. Өрттің жалпы ауданы – 274 ш.м.

«Өрттің алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Себептер мен шығын мөлшері анықталуда», – деп толықтырды ведомство.

 

Shares