Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО әкімі Азиада жүлдегерлерімен кездесті

СҚО әкімі Азиада жүлдегерлерімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайда өткен Азия ойындарының солтүстікқазақстандық жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жарыста велошабандоз Алексей Луценко алтын және күміс жүлде алса, велотрекші Артем Захаров пен боксшы Наталья Богданова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Өңір басшысы спортшылар бен бапкерлерді жақсы нәтижемен құттықтап, алғыс хат пен ақшалай сыйақы табыс етті.

«Алда Парижде өтетін Олимпиаданың маңызды жарыстары бар. Спортшыларымызға жеңіс тілеймін. Қазір Ханчжоуда өтіп жатқан Пара Азия ойындарына параатлеттеріміз Сергей Харламов, Евгений Орлов пен Иван Залезняк қатысуда. Біздің жігіттерге жанкүйер боламыз!»,  -деп жазды СҚО әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Shares