Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Республика күні Петропавл тұрғыны өз арманына қол жеткізді

Республика күні Петропавл тұрғыны өз арманына қол жеткізді

Анар Хамзина – үш баланың сүйікті анасы және аяулы жар. Декреттік демалыста болған кезде ол өз ісін ашуды ойлапты. Ойлана отырып, азаматша СҚО жергілікті атқарушы органдары мен кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Оқу курстарынан өтіп, шағын несие алған. Алынған қаражатқа Анар төсек-орын және үй киімдерін сататын дүкен ашты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

“Мен 34 жастамын. Барлығы қуанышты. Күйеуім мені көп қолдады. Әлі де қолдау танытуда. Неліктен төсек-орын? Ол әрқашан, жылдың кез келген уақытында қажет. Мұндай заттарды адамдар тек өздері үшін ғана емес, сыйлық ретінде де сатып алады. Кез келген адам келіп, кеңесшілермен кеңесіп, өзіне сәйкес келетін нәрсені таңдай алады”, – дейді кәсіпкер.

Шағын несие бағдарламасы – 5 млн теңгеге дейінгі кредиттеу. Ең төменгі жылдық мөлшерлеме – 2%, несиелеудің ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін. Өте қолайлы. Ең маңызды талап, несие алушы жас кәсіпкер болуы керек, яғни 35 жастан аспауы қажет.

“Әзірге өзім жұмыс істеймін, болашақта мансап орталығы арқылы адамдарды жалдауды жоспарлап отырмын. Келешекте кеңеюді, дамуды қалаймын, бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Менің ойымша, біз қорықпау керек және мақсатымызға ұмтылу керек”, – деп қорытындылады Анар Хамзина.

Shares