Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Тәртіп сақшылары тәжірибесіз жүргізушілерді көктайғақта ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады

Тәртіп сақшылары тәжірибесіз жүргізушілерді көктайғақта ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады

Соңғы екі күнде Петропавл жолдарында 29 апат тіркелді, оның 17-сі – соңғы тәулікте. Зардап шеккендер жоқ. Апаттардың едәуір бөлігі ауа райының өзгеруіне байланысты болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

ЖКО-ның алдын алу мақсатында жергілікті полиция қызметі басқармасы жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ мүлтіксіз сақтауға шақырады. Шақыру тек жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге де қатысты.

“Көлік жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге арналған негізгі ұсыныс – қараңғыда ұзақ сапарлардан бас тарту. Сонымен қатар: автокөліктерді қысқы дөңгелектермен жабдықтаудың маңыздылығын еске саламыз; басып озудан және күрт маневрлерден бас тарту; жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендету; Жарықтандыру құрылғыларын таза және дұрыс ұстау керек және тәуліктің кез келген уақытында жарықты қосып жүру керек. Тәжірибесіз жүргізушілер жолға көктайғақта, әсіресе ақауы бар көлікпен шықпағаны жөн”, – деп атап өтті СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

9 айда СҚО жолдарында 268 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 34 адам қаза тауып, 386 адам жарақат алды.

Shares