Петропавлда СҚО-ның үздік кітапханашылары марапатталды
24 қазанда Қазақстанда Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Мерекеге орай саланың үздік қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
21 ғасыр – заманауи технология ғасыры. Әрбір интернет қолданушысы өзіне қажетті ақпаратты оңай ала алады. Соған қарамастан, өз білімін кітапханада толықтырып, компьютерден гөрі, кітапты артық көретіндер бар.
Осылайша, кітапханашы мамандығы ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Жиын аясында кітапхана ісінің үздік қызметкерлері мен ардагерлеріне медальдар мен төсбелгілер табыс етілді.
Солтүстік Қазақстанда барлығы 738 кітапхана бар. Оның 318-і мемлекет меншігінде. Кітапханашылық, бұл – жұмыс емес, бұл – салаға деген құрмет әрі махаббат, деп атап өтті жиналғандар. Өйткені, егер сіз әдебиетті білмесеңіз, оқырмандарыңызға қажет нәрсені табуға көмектесе алмайсыз.
«Біріншіден, мен мектеп кезінен әдебиетті жақсы көретінмін, кітап оқығанды, адамдармен жұмыс істегенді ұнататынмын. Ал тікелей кітапханашылықта мен өз қалауымның барлық тұстарын таптым. Сонымен қатар, қазір кітапханашы жай ғана кітап беріп қоятын адам емес, кітапханашы – өте шығармашыл, жан-жақты, ол жұмыстың көптеген салаларын қамтитын адам», – дейді Ғ.Мүсірепов ауданындағы Володарская ауылдық кітапханасының кітапханашысы Николай Вербовский.