Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Жас Өркен» ықшам ауданында жаңа емхана ашылды

«Жас Өркен» ықшам ауданында жаңа емхана ашылды

Республика күні қарсаңында «Жас Өркен» ықшам ауданында жаңа емхана есігін айқара ашты. Бірінші қалалық емхананың филиалы 34 мың тұрғынға қызмет көрсетіп, Әуезов көшесіндегі басты ғимаратқа келушілерді екі есе азайтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Емхананың салтанатты ашылуына қала әкімі Серік Мұхамедиев қатысып, петропавлдықтарды айтулы әлеуметтік нысанның тапсырылуымен құттықтады. Емхана әр ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Заманауи қондырғылармен жабдықталған. Ғимарат жарық әрі кең. Медициналық мекеменің болашақ емделушілері ғимаратпен танысып та үлгерді.

«Мен жақын жерде тұрамын, бірінші емханада тіркелгенмін. Жаңа емхананың осында орналасқаны біздер үшін ыңғайлы болды, енді басты корпусқа барудың қажеті жоқ. Мен өзім 3-ші емханада жұмыс істеймін, кіріп, мұнда бәрі қалай орнатылғанын көрдім, маған қатты ұнады», – дейді Петропавл тұрғыны Наталья Савельева.

Shares