Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Құтқару мүмкін болмады: Петропавлда өрт салдарынан 3 жастағы бала қаза тапты

Құтқару мүмкін болмады: Петропавлда өрт салдарынан 3 жастағы бала қаза тапты

24 қазан күні сағат 10:00-де 101 арнасына Жуков к-сі, 23 мекенжайынан шақырту түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, құтқару жұмыстарын бастаған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оқиға орнын тексеру барысында өрт сөндірушілер 3 жасар баланы анықтайды. Бала дереу жедел медициналық жәрдем қызметіне беріледі. Дәрігерлер ұзаққа созылған реанимациядан кейін сәбидің өмірін сақтап қала алмады. Өлім себебі – жанудан туындаған иіске улану.

«Өрт 10:14-те сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Біз тағы да Солтүстік Қазақстан облысының барша тұрғынына жүгінеміз. Қырағылық танытып, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және кішкентай балаларды үйде жалғыз қалдырмауларды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!», – деп қосты Петропавл қалалық ТЖ бөлімінің басшысы Назымбек Елемесов.

 

Shares