Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Мамлюткада автобус жүреді

Мамлюткада автобус жүреді

Мамлютка қаласының тұрғындары үшін қалаішілік автобус іске қосылды. Әзірге автобус 18 қазаннан бастап сынақ режимінде қатынауда, деп хабарлайды QZ media тілшісі.

Жол жүру құны – 100 теңге. Мамлютка қаласының әкімі Еркін Самарханұлының айтуынша, 2019 жылға дейін бір автобус бағыты болған. Мердігер тиімділік болмауына байланысты жолаушы тасымалдауды тоқтатыпты.

“Автобусты іске қоса алатын кәсіпкерлерді іздестірдік. Қазан айында автобус бағытын іске қосқан “Макспроф” ЖК-мен жұмыс жүргізілді.  Бүгінгі таңда кәсіпкердің үш рет жүретін бір автобусы бар: таңертең, түсте және кешке”, – деді Еркін Самарханұлы.

Болашақта тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін тағы бір автобус сатып алу жоспарлануда.

“Есеп беру кездесулері мен өзге жиындарда тұрғындар бірнеше рет осы автобус бағытын іске қосуды сұрады, өйткені жұмысшы кентінен және қала орталығынан ауруханаға жету қиын, жол алыс, ал таксимен жүру қымбат, әсіресе қаланың әлеуметтік осал тұрғындары үшін қымбат. Мәселе аудан әкімінің м. а. Елена Степаненконың алдында көтерілді. Ол қолдап, осы бағытты субсидиялауға ақшалай қаражат бөлуді тапсырды”, – деп атап өтті Еркін Самарханұлы.

Shares