Қыстың соңына дейін жете ме? Петропавл 2-ЖЭО көмір қоры 180 мың тоннаны құрайды
Төмен температура кезеңінде жылу электр орталығы кем дегенде 20 тәулікке жететін көмір қорымен қамтамасыз етілуі керек. Мұндай талаптар 2-ЖЭО мен Екібастұз көмір бассейні арасындағы аумақтық қашықтыққа байланысты, деп хабарлайды QZ media тілшісі.
Кейде энергетиктерден станция үшін неге басқа отын алуға болмайтындығы сұралады. Бұл сұрақтың жауабы көмірдің ерекше қасиеттері – жылу қабілеті, күл, ылғалдылық. Станция белгілі бір параметрлермен салынды және жылу мен электр энергиясын өндіру тиімді болуы үшін барлық қазандықтар үшін жобалық отынды пайдалану және сапаны мұқият бақылау қажет.
“Адам үшін маңызды энергияны өндіру процесі отын-көлік цехынан басталады. Мұнда темір жол арқылы 2-ЖЭО түсетін көмір қабылданады, үйіледі және қазандық агрегаттарына тасымалданады. ОКЦ мамандарының үйлесімді жұмыс істеуі станция жабдықтарының дұрыс жұмыс істеуіне әкеледі. Нәтижесінде
Петропавл тұрғындарының үйлерінде жылу болады”, – деп толықтырды кәсіпорында.
Бүгінде станцияда 180 мың тонна көмір бар, бұл ретте тәулігіне орташа отын шығыны 4280 тоннаны құрайды.