Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасының Президенті түркі бірлігінің сегіз басымдығын атады

Қазақстан Республикасының Президенті түркі бірлігінің сегіз басымдығын атады

Түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз «Түркі Дәуірі» яғни «Turk Time» ұранымен өтеді, деді Қазақстан Республикасының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі елдері ұйымының 10-шы саммитінде сөйлеген сөзінде. Бұл туралы QZ Media тілшісі «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл формула сегіз басымдықты анықтайды: салт-дәстүр (Traditions), біріздендіру (Unification), реформалар (Reforms), ғылым (Knowledge), сенім (Trust), инвестиция (Investments), медиация (Mediation) және энергия (Energy).

«Бұл басымдықтар ұйымның 20 – шы саммитіне дейінгі он жылды қамтитын қысқа және орта мерзімге арналған. Осының аясында келесі іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынамын», – делінген президенттің мәлімдемесінде.

Кейін Президент алғашқы басымдық – салт-дәстүрге тоқталды. Тоқаевтың сөзінше, түркі бірлігін дәріптеудің маңызы өте зор.

«Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн. Бүгін өздеріңізге ұсынылған эскиздерді бірге қарап, ортақ шешім қабылдаймыз. Бұл тарихи сәт болмақ»,- деді мемлекет басшысы.

Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Тоқаев құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынды.

«Бұл – шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар. Сондай-ақ біздің елдерде түсірілетін телехикаяларды өзара насихаттаумен айналысу маңызды. Әсіресе, балаларға арналған анимациялық фильмдерді кеңінен насихаттау керек. Ол үшін әлеуметтік желілерді пайдаланып, танымал БАҚ өкілдерін тарту қажет деп есептейміз. Осылайша, жастарымыздың рухани жақындасуына мүмкіндік туары сөзсіз», – деп түйіндеді сөзін Президент.

 

Shares