Полицейлер облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы күдіктіні ұстады
Полицейлер облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы күдіктіні ұстады. Ол кәмелетке толмаған 17 жастағы жасөспірім болып шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Петропавл қалалық ПБ-ға 12:05-те белгісіз біреудің медицина қызметкерлерін тапаншаға ұқсас затпен қорқытқаны және облыстық балалар ауруханасының мүлкіне зақым келтіргені туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған 17 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады, оның сөмкесінен ойыншық тапанша табылып, тәркіленді.
«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады СҚО ПД.