Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы май зауытында 200 жаңа жұмыс орны ашылады

Петропавлдағы май зауытында 200 жаңа жұмыс орны ашылады

Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Қазақстандағы ең қуатты май экстрациалау зауытының құрылыс барысымен танысты. Петропавлда жобаны жүзеге асыруға 23 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

“МаслоДел” келесі жылы өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр. 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

«Зауыт жоғары сапаға бағытталған. Ол үшін Бельгия, Германия, Түркия елдерінен заманауи қондырғылар орнатылуда. Күнбағыс майлы дақылдарын, рапс пен зығырды өңдеу қуаттылығы жылына 370 мың тоннаны құрайды», – деп жазды аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Shares