«ҚазАвтоЖол» жолдарда абай болуға шақырады
Алғашқы қар біздің облыста ғана емес, Қазақстанның басқа да аймақтарында жауды. Осы орайда, жол қызметкерлері көлік жүргізушілерін жолдарда өте сақ болуға және жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыруға шақырады, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жүргізушілерді ауа райының өзгеруін мұқият бақылауға шақырамыз. Қолайсыз ауа райында көлікті қауіпсіз жүргізудің негізгі факторлары – арақашықтықты сақтау, ауа райы жағдайын ескере отырып, жылдамдықты асырмак, кенеттен маневрлер мен тежеуді болдырмау, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтау болып табылады», – деп атап өтті департаментте.
Суық ауа райының басталуымен республикалық маңызы бар жолдар қысқы күтіп-ұстауға берілді. Республикалық маңыздағы жабық жолдар туралы нақты ақпаратты «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық тас жолдар ашық, ешқандай шектеулер жоқ.