Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда республикалық бюджет есебінен 3 көшені жөндеу жоспарлануда

Петропавлда республикалық бюджет есебінен 3 көшені жөндеу жоспарлануда

Петропавлда 35 көшеге үлкен көлемде орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайды. Қосымша қаржыландыруды ескере отырып, бүгінгі таңда 46 көшені жөндеу толығымен немесе ұзындығы 45,8 шақырым болатын учаскелер бойынша жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Есеп беру жиынында сөз алған қала әкімі Серік Мұхамедиевтің айтуынша, бүгінгі таңда 19 көшеде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, ұзындығы 30,4 шақырымды құрайды. Ал Интернациональ, Жамбыл көшесінің екінші учаскесінде, Сәтбаев пен Тельман көшелерінде жұмыстар жалғасуда. Громов көшесінде шаруа аяқталды. Горький мен Жұмабаев көшелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оларды биыл аяқтау жоспарланып отыр.

«Қала тұрғындарының жол құрылысына қатысты көкейкесті сауалдары назарға алынып, 3 жоба дайындалды, республикалық бюджетке мынандай бюджеттік өтінім жолданды: 1. Әбу Досмұхамбетов көшесін: Громов пен Батыр Баян көшелері аралығын: 2. Егемен Қазақстан көшесін қайта жаңғырту: Чкалов пен Крепостная көшелері аралығын жөндеу: 3. Парковая көшесін қалпына келтіру: Б. Петров пен Позолотина аралығын жөндеу», – деп қосты қала әкімі С.Мұхамедиев.

Shares