Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО полицейлері ауыр халдегі ауыл тұрғынын ауруханаға жеткізді

СҚО полицейлері ауыр халдегі ауыл тұрғынын ауруханаға жеткізді

СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің қызметкерлері Данияр Базанов пен Игорь Семин “Жезқазған-Петропавл” автожолын түнгі уақытта патрульдеуге кіріскен. Сағат 21:44-те оларға Шал ақын ауданынан Петропавлға 82 жастағы әйелді апара жатқан “жедел жәрдемнің” жүргізушісі жүгінді деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Науқасқа қарайлас болған фельдшер оны ауруханаға тез арада жеткізу қажет екендігін түсіндіреді. Жолда жедел жәрдем көлігінің жарық пен сигналдық дауыс қондырғысы істен шыққан. Полиция қызметкерлері осы жағдай туралы дереу кезекші бөлімге хабарлап, содан кейін “жедел жәрдемді” межелі жерге дейін жедел түрде жеткізген.

“Зейнеткер мамандардың бақылауына тапсырылды, полицейлер өз учаскелеріне қызмет көрсетуге оралды. Мұндай жағдайлар патрульдік тәжірибеде жиі кездеседі. Кезекшілікке келіп, батальон қызметкерлері жолдағы қиын жағдайларда адамдарға көмек көрсету бойынша тапсырма алады. Барлық жүргізушілерден көлік құралдарының техникалық жай-күйін қадағалауды және ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз”,- дейді СҚО ПД ППБ командирі Уәлихан Оразалин.

Shares