Е. Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттері Арал теңізіндегі жағдай мен қалдықтарды бөлек жинаудың маңызын талқылады

Е. Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде Қазақстандағы өзекті экологиялық мәселелер, соның ішінде Арал теңізінің қазіргі жағдайы талқыланды, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
Сабақ барысында студенттер алдында мамандар сөз сөйлеп, қоршаған ортаның жай-күйі мен табиғаттың ластану мәселелері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ қалдықтарды бөлек жинаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
«Кездесудің мақсаты – студенттердің экологиялық санасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын дамыту, табиғатты қорғау мәселелеріне қызығушылығын арттыру және өзекті экологиялық тақырыптарды талқылау арқылы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру», – деді Петропавл қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.
Кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Сабақ барысында олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
