Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы, аудан әкімдері және басқарма басшыларымен жедел кеңес өткізді
September 24, 2023 10:31

Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі лауазымына тағайындалған күні Петропавл қаласы, аудан әкімдері және басқарма басшыларымен жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Жиын барысында ол басшыларға астық жинау науқанын уақытылы өткізіп, жылыту маусымына баса назар аударуды тапсырды.

“Біздің алдымызда облысымыздың экономикасын одан әрі дамыту міндеті тұр. Сондай-ақ өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтау, бюджет қаражатын игеру және инвестиция тарту мәселелері де ерекше бақылауда”, – деп жазды Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
