Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Айдарбек Сапаров: “Орақ науқаны қиын өтіп жатыр”

Айдарбек Сапаров: “Орақ науқаны қиын өтіп жатыр”

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты – егін орағы науқанының барысымен танысып, өңір диқандарының мәселелерін білу. Іссапар барысында ол Ғ.Мүсірепов ауданындағы егістік алқаптарды, элеваторды аралап, тауар өндірушілермен әңгімелесті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жиында диқандар көп мәселе көтерді, басты проблеманың бірі  – жаңбыр салдарынан бидай сапасының төмендігі. Ғабит Мүсірепов ауданында астық шығымдылығы гектарына 10 центнерден сәл жоғары. Орақ науқаны 65 пайызға орындалды. Ал 2022 жылы көрсеткіш шамамен 20 центнерді құраған. Кейбір шаруашылықтар негізінен 3 және 4 сортты өнім жинауда, кейбірінде тіпті бесінші сорттар да бар. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мұндай астықтың бағасы қызықтырып отыр.

«Науқан өте қиын өтіп жатыр. Азық-түлік корпорациясына тапсырма берілді. Енді олар бір апта ішінде нарықты зерттейді, осылайша біз 3, 4, 5-шы сұрыптың бағасын анықтаймыз. Форвард негізінде біз 3-ші сұрыптың 250 мың тоннасын сатып алуымыз керек. Оған қоса 600 мың тоннаны қайтаруымыз керек. Біз қазір нарықтағы 4, 5 класты қарастырып жатырмыз, бағасы нарық бағасынан төмен болмайды. Диқандар назардан тыс қалмайды, мемлекет тарапынан қолдау болады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға көмектесетін тағы бір бағыт – арзандатылған дизель отынын жеткізу. Егістерден алынған астық кептіру үшін элеваторға жеткізіледі. Өтінім 10 мың литрге мақұлданды, дегенмен облыстың қажеттілігі 20-ға жуық. Соған қарамастан, бұл жеткілікті болуы керек. Солтүстікқазақстандық диқандар қазірдің өзінде өтініштерін толтырып, өнімді күтіп отыр. Сондай-ақ Айдарбек Сапаров ел диқандарына субсидия бойынша қарыз 155 миллиард теңгені құрайтынын атап өтті. Жыл соңына дейін барлығын өтеу жоспарланып отыр. Өтініштер Қаржы министрлігінде қаралуда.

 

Shares