Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Аптап ыстықтың орнын жаңбыр басады: 22–28 маусым аралығында Солтүстік Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Аптап ыстықтың орнын жаңбыр басады: 22–28 маусым аралығында Солтүстік Қазақстанда ауа райы қандай болады?

June 22, 2026 09:51

Алдағы аптада Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, аптаның басында өңірде аптап ыстық сақталып, кей жерлерде ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі. Алайда аптаның екінші жартысынан бастап жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін.

22 маусым, дүйсенбі күні облыста ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр болады, кей жерлерде екпіні 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

23 маусым, сейсенбі күні найзағайлы құбылыстар күшейеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +27…+32 градус болса, шығыс бөлікте аптап ыстық сақталып, +35 градусқа дейін көтеріледі. Жел екпіні де 15–20 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін.

Аптаның ортасынан бастап ауа райы өзгере бастайды. 24 маусым, сәрсенбі күні облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс және солтүстік аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +23…+28 градусқа дейін төмендейді, тек облыстың шығысында ғана +31 градусқа дейінгі ыстық сақталады.

25 және 26 маусым, бейсенбі мен жұма күндері де тұрақсыз ауа райы жалғасады. Кейбір аудандарда қайтадан қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Түнгі уақытта ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз +23…+28 градусқа дейін жылынады. Облыстың шығыс бөлігінде ауа температурасы +31 градусқа дейін жетеді.

Shares