Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Тайынша ауданында жаңа сүт фермасы іске қосылды

Тайынша ауданында жаңа сүт фермасы іске қосылды

Тайынша ауданындағы Қарағаш ауылында «Астық STEM» серіктестігінің жаңа сүт фермасы іске қосылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жобаға 1,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Жаңа ферма жылына 3,2 мың тонна сүт өндіреді. 30 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды. Облыста 13 сүт кешенінің құрылысы жалғасуда. Жыл соңына дейін 6 заманауи сүт фермасы іске қосылады.

“Жаңа фермалардың ашылуы ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуға, сапалы тауарлық сүт өндіру көлемін ұлғайтуға және сүт зауыттарының жүктемесін көбейтуге мүмкіндік береді”, – деп жазды өңір басшысы.

 

 

 

 

Shares