СҚО полицейлері “Астық – 2023” іс-шарасын өткізіп жатыр
Түнгі рейдтер, дала жолдарындағы тексерулер, бейнекамераларды орнату қажеттілігін түсіндіру. Солтүстік Қазақстан полицейлері “Астық – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Облыстағы 13 ауданның әрқайсысында мобильді топтар құрылған. Олардың құрамында тәжірибелі жедел қызметкерлер, учаскелік және патрульдік полицейлер бар. Аталған іс-шара басталғаннан бері белсенді профилактикалық шаралардың арқасында бүгінгі күні егін ору науқанымен байланысты Жамбыл ауданының аумағы бойынша бір ұрлық тіркелген. Ал қалған аудандарда бүгінгі күні қылмыс тіркелген жоқ.
“Бұрын ашылған қылмыстар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері көбінесе кәсіпорын қызметкерлерінің өздері маусымдық қылмыстарға қатысты болып жататындығын көрсетеді. Сондықтан да шаруа қожалықтары өз объектілеріне бейнебақылау камераларын орнату және физикалық күзеттің қажеттілігі туралы естеріңізге саламыз”, – деп атап өтті СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.