Жетім баланың пәтерін заңсыз жалға берген: қамқоршы өз құқығын асыра пайдаланды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балалар үйінде заңнаманы сақтау сұрақтарына талдау жүргізу барысында қамқоршының құқықтарын қасақана пайдалану арқылы кәмелетке толмағанның құқықтарын дөрекі бұзушылықты анықтады деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Петропавл қаласының әкімдігімен бекітілген қамқоршы “С” өзінің құқықтарын асыра пайдалана отыра, қамқоршылық органның рұқсатынсыз ұзақ уақыт бойы жетім баланың пәтерлерін заңсыз жалға беріп келген. Алайда, ол өзінің заңсыз әрекеттерін баланы балалар үйіне қайтарып, қамқоршылықтан бас тартқаннан кейін де жалғастыра берген. Қадағалау органымен кінәлі лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту және сәйкес шараларды қабылдау үшін заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізілді.
“Одан басқа, 12 қыркүйекте прокуратура органдарының материалдары бойынша Петропавл қаласының полиция органдарымен ҚР Қылмыстық кодексінің 142-бабы «Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта балаға келтірілген шығынды анықтау шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Іс облыс прокуратурасының бақылауында”,- деп толықтырды ведомствода.