Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University ғалымдары жол құрылысында өндірістік қалдықтарды пайдалануды ұсынды

Kozybayev University ғалымдары жол құрылысында өндірістік қалдықтарды пайдалануды ұсынды

August 3, 2026 11:23

Солтүстік Қазақстанның ғалымдары автомобиль жолдарының сапасын арттыру үшін өндірістік қалдықтарды пайдалануды ұсынды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның облыстық филиалында өткен жұмыс кездесуінде Kozybayev University зерттеушілерінің инновациялық әзірлемесі таныстырылды, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.

Кездесуге Kozybayev University Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшылығы, СҚО бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының, Солтүстік Қазақстан облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «КАЖсервис» ЖШС-нің және жол саласы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Юлия Бызова асфальтбетон қоспасына пайдаланылған АГ-4И герметигін қосу жобасын таныстырды. Өндірістік қалдықты қайта пайдалану жол жабынының беріктігін, суға төзімділігін және ұзақ мерзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны тәжірибелік сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Талғат Смағұлов жаңа жабынды төсеу үшін автожолдың тәжірибелік учаскесін бөлуге дайын екенін мәлімдеді. Қажетті зертханалық сынақтардың барлығын Жол активтері сапасының ұлттық орталығы тегін жүргізеді. Алдағы уақытта сынақ учаскесіне жаңа жабын төселіп, оның нақты пайдалану жағдайындағы жай-күйіне ұзақ мерзімді мониторинг жүргізіледі.

Shares