Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстікқазақстандық полицейлер базарлар, сауда үйлері, стадиондар мен жылу желілерін неге мұқият тексереді?

Солтүстікқазақстандық полицейлер базарлар, сауда үйлері, стадиондар мен жылу желілерін неге мұқият тексереді?

«Қаңғыбас» жедел алдын алу шарасы аясында криминалдық полиция бөлімшелерінің жедел уәкілдері басқа қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға қатысты ауқымды тексеру жүргізді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавлда осы санаттағы адамдар шоғырланған негізгі орындарға ерекше назар аударылды: теміржол вокзалының аумағы, базарлар, сауда үйлері мен стадиондардың маңы, жылу магистральдары.

Бір күндік шара аясында Петропавл қаласы ПБ қабылдап-тарату орнына 126 адам жеткізілді. Небәрі үш күннің ішінде жедел профилактикалық шара аясында 314 жертөле, 203 кәріз люгі, 418 қараусыз қалған үй, 354 шатыр және баспанасыз адамдар болуы мүмкін басқа жерлер тексерілді.

«3 күн ішінде 297 баспанасыз адам қабылап-таратк пунктіне жеткізілді. Барлығының саусақ ізі алынып, фото және бейне жазбаға есепке алынды. Қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілді, хабар-ошарсыз кеткендер тізімімен салыстырылды. 10 адам тізімдік есепке қойылып, «Үйсіздер» санаты бойынша тіркелді», – деп хабарлады СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мадияр Харипов.

Shares