Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының көрнекті мәдениет қайраткерінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының көрнекті мәдениет қайраткерінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

Солтүстік Қазақстанның мәдениет министрі. Кезінде мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысушы Петр Уақпаевты осылай атаған. Жерлесіміздің туғанына 100 жыл толуына орай С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада еске алу кеші өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Еске алу кешіне солтүстікқазақстандық көрнекті азаматпен иық тіресе еңбек еткендер және оның отбасы мүшелері қатысты. Азамат жайлы ел аузынан тек жақсы сөздер шыққан. Өнерді, халықты сүйген тұлға адал, ақкөңіл, мейірімді, ақылды адам болған. Оның басшылығымен Солтүстік Қазақстанның мәдениет саласы дамуда жаңа серпін алды. Ол барлық театр әртістерінің аты-жөнін білетін. Петр Уақпаевтың жетекшілігімен жұмыс істеу – ең жақсы тәжірибе болды, дейді оның әріптестері.

«Орны толмайтын, ұмытылмайтын адамдар бар. Ол сондай адамдардың бірі еді. Оған дейін де, одан кейін де мәдениет саласына осыншама жыл өмірін берген ешкім жоқ. Салада 40 жылдай еңбек етті. Оны зейнеткерлікке шығарып салғанымызда қасыма келіп, бір күні басшы болатынымды айтты. Айтқаны дәл келді. Қуыршақ театрын, халық шығармашылық орталығын басқардым. Бәрі үшін Петр Наяновичке алғысым шексіз», – деп жылы лебізін білдірді әріптесі Людмила Лошакова.

Өңіріміздің мәдениетін көтеру – Петр Уақпаевтың көздегені осы еді. Бастамашылық танытып, 60-жылдары мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 18 жыл жемісті еңбек етті. Дәл осы кезеңде облысымызда мәдени нысандардың басым бөлігі бой көтерді. Петр Наянович елдегі көптеген қайраткерлердің құрметіне ие болды.

«Ол ең алдымен жастардың білім алуын қалады. Ол үнемі ақылды, қайратты болсаң мансап құрасын, еліңнің толыққанды азаматы бола аласың дейтін. Туған жерінің патриоттарын өсіргісі келді. Ол өте жақсы адам және әке болды. Жақсы тәрбие бергені үшін алғысым шексіз», – деп естеліктерімен бөлісті П.Уақпаевтың қызы Галина Ермұхамбетова.

 

Shares