Дүниежүзілік туризм күні: СҚО-да марапаттар өз иелерін тапты
СҚО-да Дүниежүзілік туризм күніне орай жиын өтті. Онда сала қызметкерлері ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтан марапаттарға ие болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Дүниежүзілік туризм күні 27 қыркүйекте аталып өтілді. Алайда, марапаттар енді табысталуда.
“Прогресс” турагенттігінің директоры Наталья Зварич “Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
“Рандеву” Саумалкөл мейрамхана-қонақ үй кешенінің басшысы Людмила Климович пен Солтүстік Қазақстан альпинизм, жартасқа өрмелеу, мұзға өрмелеу және спорттық туризм федерациясы спорттық туризм секциясының жаттықтырушысы Дмитрий Кулешов Құрмет грамоталарын алды.
Сондай-ақ, “Скиф” қонақ үй кешенінің директоры Ирина Чубова алғыс хатпен марапатталды.