Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлердің туыстары іздестірілуде
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан бес қазақстандық жауынгердің сүйегі Ресей мен Латвия аумағынан табылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Олардың кім екені солдат медальоны арқылы анықталды. Бұл – Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының тумалары.
- Бурнашев Еремей Федорович, 1920 ж.т., Алматы қ
- Морев Дмитрий Иванович, 1922 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы, Красный Яр ауылы
- Маметов Силан, 1912 ж.т., Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
- Сармантаев Қалхай, 1900 ж.т., Қарағанды облысы, Қамарит ауданы
- Еленбаев (Сленбаев) Бинал Сохлетович, 1898 ж.т., Омбы облысы
«Қазіргі уақытта мәйіттерді туған жерлеріне, Қазақстанға жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Қайта жерлеу үшін сарбаздардың туыстарын табу керек. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: тел: +7 771 287 21 11 («Аtamnyn Amanaty» ҚБ үйлестірушісі)», – делінген хабарламада.