Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда енді полиция автопаркіндегі көліктерді робот-автомат жуады

Петропавлда енді полиция автопаркіндегі көліктерді робот-автомат жуады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің құрамындағы тылдық қамтамасыз ету басқармасының автокөлік шаруашылығында автоматтандырылған заманауи көлік жуғыш қондырғы іске қосылды. Бұл жаңашылдықтың бір ерекшелігі – автоматтандырылған, адамның қатысуы міндетті емес, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бір көлікті жуудың орташа уақыты – 5-6 минут. Бір сағаттың ішінде 12 жеңіл машина жуылады. Бұл қондырғы жүк көліктері мен автобустарға шақталмаған.

Бұрын қызметтік автокөліктер қолмен жуылып, 30 минут немесе одан көп уақытта алатын. Енді автокөлік шаруашылығының аумағындағы арнайы бокста облыстық және қалалық патрульдік полиция батальондарының, департамент аппаратының жеке құрамы күн сайын қызметтік автокөліктерін жуа алады.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдос Ідірісовтің айтуынша, полиция бөліністерінің материалдық қамтамасыз етілуі ПД басшылығының үнемі бақылауында. Қызметкерлер өз міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқаруы үшін кезең-кезеңмен жағдай жасалуда.

Shares