Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтті

Петропавлда цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтті

Қазіргі уақытта цифрлық технологиялар бүкіл әлем экономикасының дамуында шешуші рөл атқарады. “Цифрлық Қазақстан” – бұл цифрлық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған маңызды кешенді мемлекеттік бағдарлама. Осы салада еңбек ететіндер ерекше назар аударуға, марапатқа лайық, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Мереке аясында цифрлық технологиялар саласының қызметкерлері, сондай-ақ хакатон олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Олардың арасында Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы бар. Ұжым 300 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.

“Біз әртүрлі оқиғаның ақпараттық мазмұнына байланысты сайт құрдық. Мүсін өнері, айти, музыка. Біз арнайы тапсырманы орындадық, әртүрлі сайттар мен блогтардан ақпарат жинадық. Біздің еңбекті бағалағанға өте қуаныштымыз. Еліміздің игілігі үшін әрі қарай оқып, еңбек етеміз”, – дейді НЗМ оқушысы Назар Ақанов.

Shares