Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесіндегі коллекторды жедел әрі сапалы жөндеуді тапсырды

Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесіндегі коллекторды жедел әрі сапалы жөндеуді тапсырды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов зақымданған Жуков көшесіндегі кәріз коллекторының жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

67 жыл бұрын орнатылған коллектордың тозығы жеткен. Коллектордың толық тоқтау қаупін жою үшін апаттық режимді енгізу және осы аумақта шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.

«Мамандар бүлінген аумақты тексеріп, жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстың жедел әрі сапалы жүргізілуін тапсырдым», — деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі әлеуметтік желіде.

Shares