Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Қасым-Жомарт Тоқаев інісінің қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев інісінің қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана растады. Ол 70 жаста болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұған дейін айтылғандай, 4 қарашада ҚР экс-президентінің інісі Алматыдағы ауруханаға миокард инфарктісімен түскен. Оның жағдайы ауыр және тұрақсыз деп бағаланды, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы байқалды. Бүгін оның қайтыс болғанын ауруханада расталды.

“2023 жылғы 13 қарашада сағат 09:51-де ұзақ аурудан кейін Болат Назарбаев қайтыс болды”,- деп атап өтті аурухананың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты және жерлеу рәсіміне қатыса алмайтынын хабарлады.

Болат Назарбаев деген кім?

Болат Әбішұлы Назарбаев 1953 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шамалған ауылындағы ауыл шаруашылығы техникумын “Механик” мамандығы бойынша, Қарағандыдағы “Фемида” заң институтын “Құқықтану, заңгер” мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шамалған совхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Шамалған совхозы директорының орынбасары, Қаскелең қаласындағы наубайхана зауыты директорының орынбасары, ұсақ мал терісін сату саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. “Инкар Агро” ЖШС вице-президенті, “BN Invest” холдингінің директоры қызметтерін атқарды. “Саликалы ұрпақ” ҚҚ құрды.

Shares