СҚО-да қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр. Алдағы күндері жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде қарлы бұрқасын соғып, желдің екпіні күшеюі мүмкін, деп хабарлайды QZ NEWS тілшісі.
Аптаның басында ауа райы бұзыла бастайды. 9 қарашада облыс аумағында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, секундына 9-14 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде күн суытып, 3 градусқа дейін аяз болады.
10 қарашаға қараған түні қар жауып, қарлы бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрап, кей жерлерде 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 3-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.
11 қарашада да ауа райы құбылмалы болады. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, қарлы бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы 2 градус аяздан 3 градус жылыға дейін, күндіз 0-5 градус жылы болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, жекелеген аудандарда екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
12 қарашаға қараған түні облыстың солтүстігінде қар жауып, қарлы бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Түнде ауа температурасы 1-6 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 0-5 градус жылы болады.
Осындай ауа райы 13 қарашада да сақталады. Түнде облыстың солтүстігінде қар жауып, қарлы бұрқасын соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1-6 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады.
Апта бойы түнде және таңертең облыстың жекелеген аудандарында тұман түсуі ықтимал. Жүргізушілерге жолдағы көріну қашықтығының төмендеуі мен көктайғақты ескерген жөн. Ал жаяу жүргіншілерге тайғақ тротуарлар мен жолдарда сақ болу қажет.
