Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда Алексей Луценконы салтанатты түрде қарсы алды

Петропавлда Алексей Луценконы салтанатты түрде қарсы алды

November 4, 2026 15:42

Петропавл қаласының әуежайында қазақстандық танымал велошабандоз, Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Алексей Луценконы салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды QZ NEWS.

2026 жылы Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында Алексей Луценко жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, екі алтын медаль жеңіп алды. Ол жекелей уақытқа жарысу және топтық жарыста жеңімпаз атанды. Осы жеңістерінің арқасында Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, Қазақстанның жазғы Азия ойындарындағы алтын медаль саны бойынша тарихи рекордын жаңартты.

Әуежайда спортшыны спорт қауымдастығының өкілдері, әріптестері мен жанкүйерлері жылы қарсы алды.

Жиналғандар Алексей Луценконы айтулы жетістіктерімен құттықтап, Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының халықаралық аренада абыройын асқақтатқан еңбегі үшін алғыс білдірді.

Shares