Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда аты аңызға айналған қазақстандық генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне көрме ашылды

Петропавлда аты аңызға айналған қазақстандық генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне көрме ашылды

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, тұңғыш қорғаныс министрі, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай республикалық көшпелі көрме басталды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Сағадат Нұрмағамбетовті Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де біледі және еске алады. Оның есімімен елдің көптеген қаласында көшелер аталған. Оған арналған мемориалдар Астана, Тараз қалаларында, Гвардейск кенті мен оның туған жері – Ақкөлде қойылған, онда оның есіміндегі мұражай да ашылыпты. Нұрмағамбетовке ескерткіш Алматыдағы құрлық әскерлерінің әскери институтында қойылған, ал Сағадат Қожахметұлының бюсті Мәскеуде және Ұлы Отан соғысының Орталық мұражайында бар.

Оның өмірі ерлігі туралы көбірек айту үшін СҚО-да көшпелі республикалық көрме ашылды. Келесі жылы Қазақстанның тағы 10 қаласында көрме көрсетілмек.

“Біз Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке заттарын, фотосуреттерін, марапаттары мен құжаттарын әкелдік. Олардың барлығы – ҚР Қарулы Күштері мемлекеттік әскери-тарихи музейінің қорынан. Біздің мақсатымыз аты аңызға айналған тұлғаны өмірі және еңбегімен таныстыру”,-деп атап өтті ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының бастығы.

Көрмеге кез-келген адам бір ай ішінде бара алады.

Shares