Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы банк жүйесінің қызметкерлері теңгенің тарихын қаншалықты біледі?

Петропавлдағы банк жүйесінің қызметкерлері теңгенің тарихын қаншалықты біледі?

С.Мұқанов атындағы әмбебап-ғылыми облыстық кітапханада Ұлттық валюта күніне орай банк жүйесінің қызметкерлері үшін квест-викторина өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Квест-викторинаға барлығы 4 банктен 12 маман қатысты. Ойын 24 сұрақтан және 3 кезеңнен тұрды. Олардың барлығы теңгенің тарихына қатысты болды.

“Маған викторина өте ұнады. Қазақстанның қалыптасу тарихын және теңгенің дамуын білетіндерге, сұрақтар күрделі болған жоқ. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің барлық қаржыгерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді. Бақыт пен бейбіт аспан тілеймін”, – деп бөлісті қатысушылардың бірі.

Ойын қорытындысы бойынша жүлдегерлер грамоталар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Shares