Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 2024 жылы Петропавлда қандай зауыттардың құрылысы жоспарланған?

2024 жылы Петропавлда қандай зауыттардың құрылысы жоспарланған?

Облыстық әкімдік қабырғасында аппараттық кеңес өткізілді. Өңір басшысына “Qyzyljar” АЭА-да жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндалды. Келешекте облыс орталығының өндірістік аймағында орналасқан №3 қосалқы аймаққа баса назар аударылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазір 2024 жылға арналған өңдеу өнеркәсібі пұлындағы 13 жобаның 7-і арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылуда.

Сонымен, жақын арада Петропавлда “пончиктер”шығарылатын болады. “Хлебпром” компаниясы – Ресейдегі донаттар, торттар мен нандардың ірі өндірушісі. 2024 жылдың сәуір айында зауыттың құрылыс жұмыстары басталады. Инвестиция көлемі 37,3 млрд теңгені құрайды, 370 жұмыс орны ашылады.

Ал отандық “Atameken-Agro” холдингі 2024 жылдың 2-тоқсанында қуаттылығы тәулігіне 1 200 тоннаны құрайтын май экстракциялау зауытын салуға кіріседі. Инвестиция сомасы – 19,4 млрд теңге. 250 жұмыс орны құрылады.

Миландағы итальяндық “PROSOL” компаниясы 2024 жылдың 2-тоқсанында қызылша сірнесі негізінде жемшөп ашытқысы зауытының құрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Шикізат Ресейден импортталады. Инвестиция сомасы – 3 млрд теңге, 40 жаңа жұмыс орны құрыладв. Жобаның жылдық қуаттылығы – 3000 тонна.

“Ал өңірлік “KazОilseed processing” агрокомпаниясы №3 субаймақ аумағында өсімдік майларын өндіру жобасын қолға алады. Өндіріс қуаты – тәулігіне 300 тонна. Зығыр, рапс және күнбағыс өңдеу жоспарлануда. Ресейде дәл осындай кәсіпорны бар ресейлік инвестор келесі жылы темірбетон құбырларын және жолға қажетті материалдарды өндіру жобасына кіріседі. Жобаның жалпы құны – 2,9 млрд теңге, қуаттылығы – жылына 30 мың тоннаға дейін өнім. 40 жаңа жұмыс орны құрылады. Қазіргі уақытта жобалау алдындағы және анықтау жұмыстары жүргізілуде”, – деп толықтырды облыс әкімдік қабырғасында.

Shares