Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сқо-да «Cargoruqsat» электронды кезегінің пилоттық жобасы іске қосылды

Сқо-да «Cargoruqsat» электронды кезегінің пилоттық жобасы іске қосылды

1 қарашадан бастап “Бидайық” автомобиль өткізу пунктінде “cargoruqsat” электронды кезегі бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл шекараға көптеген жүк көліктерінің бір уақытта келуін болдырмауға мүмкіндік береді, кептелістердің болмауын қамтамасыз етеді және шекараны жедел кесіп өтуге ықпал етеді, – дейді QZ Мedia тілшісі.

Жеңіл автомобильдер мен автобустар бойынша электрондық кезек жүйесінде брондау талап етілмейді. Қазақстаннан шыққан кезде адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктінің аумағына кіру тәртібін бақылауды Мемлекеттік кірістер органдары әкімші кабинеті арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте көлік құралдарының өткізу пунктіне кіруін тіркеу үкіметаралық келісімдер негізінде, яғни жануарларды, тез бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде басым тәртіппен жүзеге асырылады.

“Кезекті қалай брондау керек? Ол үшін күн мен уақытты немесе бірінші бос уақытты және мемлекеттік шекарадан өту үшін болжанатын өткізу пунктінің атауын таңдау қажет. Көлік құралы үшін сенімді жүргізушілердің санын көрсетіңіз. Көлік құралының иесінің деректерін көрсетіңіз. Бұл ретте пайдаланушы СЭҚ-да өзінің дербес деректерін жинауға, сақтауға және өңдеуге келісім білдіреді”, – деп атап өтті СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дамир Нұрғалиев.

Электрондық кезек бойынша Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін ақы төлеу тіркеушінің есеп шотына қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен жүзеге асырылады. Өз кезегінде ол үш күн мерзімде пайдаланушыдан түскен ақшалай қаражатты мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударады. Электрондық кезек көлік құралы белгіленген күні және брондау уақытында өткізу пунктіне келмеген кезде СЭБ-мен жойылады. Броньды үшінші тұлғаларға беруге немесе сатуға тыйым салынады.

 

 

 

Shares