Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықдиотты жол белгілері орнатылып жатыр

Петропавлда жаяу жүргіншілер өткелдерінде жарықдиотты жол белгілері орнатылып жатыр

Жаяу жүргіншілердің, әсіресе өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның маңызды міндеттерінің бірі. Өткен аптадан бастап полицейлердің ұсыныстары бойынша оқу орындары мен адамдар көп жиналатын орындарға жақын орналасқан Петропавл көшелерінде жол белгілері жаңартыла бастады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жол белгілерін жарықдиодты шамдармен жабдықтай бастады, бұл оларды қараңғы уақытта, кез келген ауа-райында анық көруге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қысқы көшелерде қараңғы уақытта бірінші ауысымда оқитын оқушылар сабаққа барғанда өзекті.

Жергілікті тұрғындар бұл жаңашылдықты.

“Бұл жерден балалар жиі өтеді. Жаңа үйлер салынып жатыр. Жақын жерде супермаркет те бар. Жақсы жасалған. Енді жүргізушілерге мұқият болу керек, — дейді облыс орталығының тұрғыны.

Облыс орталығының жол желісінде жарықдиодты жарықтандырылған белгілермен жабдықталған барлығы 46 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылған. Қазір тағы 10 жаяу жүргіншілер өткелінде белгілер жаңартылуда.

“Жаңа оқу жылының қарсаңында мектептер мен колледждердің маныңда 15 қосымша жасанды кедергілер, қажетті жол белгілері орнатылып, оларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жол үстіне таңбалар салынуда. Полиция департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп жол қозғалысы жағдайын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде”, — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов.

Shares