Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 3,6 млрд. теңге: СҚО-да шенеуніктер мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отыра қыруар қаржы жұмсамақ болған

3,6 млрд. теңге: СҚО-да шенеуніктер мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отыра қыруар қаржы жұмсамақ болған

Облыс прокурорлары шенеуніктерге қатысты кезекті былықтың бетін ашты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдарын талаптарын бұза отыра сомасы 2,5 млрд теңгеге көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд.теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген.«Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген.

“Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алулар бұзылды, жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды, ақырында сомасы 4,3 млрд. теңге бюджет сомасын жұмсаудың алды алынды”,- деп хабарлады облыстық прокуратура.

 

Shares