Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-ның жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерді жүрегі тоқтағаннан кейін құтқарды

СҚО-ның жедел жәрдем қызметкерлері зейнеткерді жүрегі тоқтағаннан кейін құтқарды

November 16, 2023 17:53

72 жастағы ер адамды жедел жәрдем қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жедел жәрдем пультіне шұғыл қоңырау 14 қараша күні сағат 20:30-да түсті. Медицина қызметкерлерінің келуіне кеудедегі қатты ауырсыну себеп болды. Шақырту орнына құрамына Жұлдыз Қаскенов пен Бақтияр Айкенов енген фельдшерлер бригадасы 9 минуттан кейін келді.

Тексеру кезінде науқастан жүрек – қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан ауыр жағдай байқалды.

“ЭКГ” жедел миокард инфарктісінің белгілерін көрсетті.

“Көмек көрсету кезінде сағат 21: 08-де жүрек тоқтап қалды, бұл – клиникалық өлім фактісі. Дәрігерлер дереу реанимацияға кірісті. Жүрек-өкпе реанимациясының 7 циклінен кейін жүрек қайтадан іске қосылды. Арнайы жабдықпен науқас кардиоорталыққа жеткізілді. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы тұрақты”,-деп хабарлайды облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының баспасөз қызметі.

Shares