Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жұмыс жалғасуы тиіс: вице-министр “ПАМЖЗ” жайлы

Жұмыс жалғасуы тиіс: вице-министр “ПАМЖЗ” жайлы

СҚО-ға жұмыс сапары барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков “ПАМЖЗ” АҚ-ға барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Тараптар зауытты дамытудың 2024 жылға арналған стратегиялық мәселелерін және жаңа тапсырыстарды орындауды талқылады. Вице-министр жұмысшылармен сөйлесіп, оларды қандай проблемалар толғандыратынын және кәсіпорынның табысты дамуы үшін не қажет екенін білді.

Сондай-ақ, Азамат Бейісбековке зауытта өндірілетін өнімдерді мырыштау, хромдау, химиялық тотығу және т.б. гальваникалық өңдеудің түрлері көрсетілді.

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты темір жол саласы мен азаматтық сектор үшін өндірілетін бөлшектердің көлемін көбейтуді жалғастыруда және бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуы тиіс” ,- деп атап өтті вице-министр.

 

Shares