Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алдағы күндері Қазақстанда қатты дауыл соғады

Алдағы күндері Қазақстанда қатты дауыл соғады

Синоптиктер 21-23 қараша аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын хабарлады. Ел тұрғындары қатты дауылға дайындалуы керек. Мамандардың айтуынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның қыспағында болады. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жаңбыр мен қар 22 қарашада – батыста, солтүстік-батыста, 22 және 23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күтіледі.

Мамандар елімізде желдің жылдамдығы секундына 15-28 метр болатынын, солтүстік аумақтың жартысында боран мен көктайғақтың күшеюі күтілетінін ескертті.

“14-17 с/м жел кезінде көше бойында орнатылған билбордтық қондырғылар, жарықдиодты панельдер және тіректердегі транспаранттар аударылуы мүмкін екенін ескеру қажет. 24 с/м дейінгі дауылды желде ағаштар құлап, электр желілері үзілуі мүмкін. Сымдардың ұшқыны өрттің шығуына әкелуі мүмкін. 28,4 с/м дейін қатты дауылды жел кезінде құрылыстардың кейбірі бұзылады, оның ішінде үйлердің шатырлары ұшып, терезелердегі әйнектер сынуы мүмкін”, – деп атап өтті “Қазгидромет”.

Алдағы күндері қазақстандықтар ерекше қырағылық танытуы керек. Сондай-ақ, жеке көліктермен жүруден және ұзақ уақыт сыртта болудан бас тарту қажет.

“Қазгидромет” СҚОФ-ның ақпараты бойынша, 22 және 23 қараша күндері СҚО-ның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Көктайғақ пен боран туралы да ескерту жарияланды. Оңтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 с/м болады. Ұйытқу 23-28 с/м жетеді. 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында күштілік 30 с/м асып түспек. Петропавлда 22-23 қараша күндері қар, жаңбыр, көктайғақ, боран күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 15-20 с/м, кейде екпіні 23-28 с/м жетеді.

Shares