Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Жас петропавлдықтар үшін “Жас жұлдыздар” байқауы өтті

Жас петропавлдықтар үшін “Жас жұлдыздар” байқауы өтті

Петропавлдағы Оқушылар сарайында “Жас жұлдыздар” облыстық байқауы өтті. Оған қала және облыс мектептерінен 1500-ге жуық жас талант қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылар арасында шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық тәжірибені арттыру және алмасу, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерінің сапалы нәтижелерін анықтау. Сайыс төрт номинация бойынша өтті: “Театрлық шеберлік”, “Вокал”, “Аспапта орындау”, “Хореография”. Әр номинация жас топтарына бөлінді.

“Қатысушылар арасында басында толқу сезімі сезілді, бірақ ол сахнаға шыққасын жойылды. Балалардың барлық қойылымдары жарқын, креативті және шығармашыл болды. Бірақ кез-келген байқауда жеңімпаздар болады”, – деп атап өтті қазылар алқасы.

“Вокал” номинациясы бойынша бас жүлдені “Жас дарын” өнер мектебінің оқушысы София Ташланова алды. “Театр сахнасы” номинациясы бойынша бірінші гимназияның оқушылары үздік атанды. “Аспапта орындау” номинациясында Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-балаларға арналған мамандандырылған мектеп –интернатының өкілі Жанболат Әшкен топ жарды.

Бірінші, екінші және үшінші орын алғандар да марапат алды. Барлық жеңімпаздар тиісті дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Shares