Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “Қыс-2023”: СҚО ТЖД Петропавлда бірқатар оқу-жаттығу өткізеді

“Қыс-2023”: СҚО ТЖД Петропавлда бірқатар оқу-жаттығу өткізеді

23 және 24 қарашада елімізде “Қыс-2023” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Мақсаты – мемлекеттік азаматтық қорғау  жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдар, азаматтық қорғауды қалыптастыру жөніндегі республикалық және облыстық қызметтер, ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелері тартылады. Іс-шараның басты мақсаты – облыстық мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің қысқы кезең жағдайында ықтимал ТЖ салдарын жоюға дайындығын бағалау.

“Оқу-жаттығу барысында Петропавлда практикалық іс-шаралар кешені жоспарланған. “СевКазЭнерго” 2-ЖЭО аумағында, тіршілік ету объектілерінде аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар пысықталады. Екіншісі – күшті әсер ететін улы заттардың төгілуіне байланысты туындаған техногендік сипаттағы ТЖ жою. Мекенжай: “ПМС-175” аумағы, Украин көшесі, 254. Ал Пестрое көлінің жанында табиғи сипаттағы ТЖ жою және тағы басқалар болады. Облыс тұрғындарынан ықтимал қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз”, – деп толықтырды СҚО ТЖД.

Shares