Өткен демалыс күндері Петропавлдың коммуналдық қызметтері 3000 текше метр қар шығарды
Өткен демалыс күндері коммуналдық қызметтер 3000 текше метрден астам қар шығарды. Жұмысқа 150-ден астам техника мен 200-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Қаланы қардан тазарту жұмысы әлі жалғасып жатыр. Шеткері аудандар назарсыз қалмайды. Қазір учаскелерде шамамен 100 бірлік техника жүр. Басшыларына қарды мұқият тазалауды және шығаруды тапсырдым. Әсіресе аялдамалар мен тротуарларға назар аудару қажет. Оларды уақытылы тазаламайтын сәттер болып тұрады. Жағымсыз фактілерді байқаған қала тұрғындарынан ikomek 109 қызметіне дереу хабарлауды сұраймын”, – деп атап өтті Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Сондай-ақ, шаһар басшысы қаладағы көлік ағыны үлкен екенін еске салды. Күндіз қар тазалау және шығару – орынсыз іс. Жұмыстардан кептелістер болады. Сондықтан жол негізінен түнде тазаланады. Жергілікті билік автокөлік иелерінен көліктерді жол жиегінде қалдырмауды сұрап отыр.