Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда ер адам 17 жастағы жасөспірімнен пышақ жарақатын алды

Петропавлда ер адам 17 жастағы жасөспірімнен пышақ жарақатын алды

21 қарашада облыс орталығында жастар тәртіпсіздіке жол берген. Салдарынан 51 жастағы ер адам жарақат алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

21 қараша, сағат 20:32-де Петропавл қалалық полиция басқармасының “102” пультіне Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауласында жанжал болғаны, салдарынан белгісіз адамдар 51 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салғаны, науқас ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

“Науқас көпсалалы аурухананың травматология бөлімшесінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Әзірге дәрігерлер оның алдағы жағдайы туралы ешқандай болжам жасай алмайды. Диагноз – жамбас буыны мен жамбас аймағындағы бұлшықеттер мен сіңірлердің жарақаты”, – деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасы.

“Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша (“Бұзақылық”) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қ. ПБ қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 20 және 17 жастағы облыс орталығының 3 тұрғынын анықтап, ұстады”, – деп хабарлайды СҚО ПД

Алдын ала анықталғандай, бұрын әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған 17 жастағы жасөспірім жәбірленушіге пышақ салған. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы анықталуда.

 

 

 

 

 

Shares