Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да көліктің барлық түрі үшін жол жабылды

СҚО-да көліктің барлық түрі үшін жол жабылды

СҚО ТЖД өңірдегі барлық көлік құралы үшін жолдардың жабылғаны туралы хабарлады, деп жазады QZ Мedia тілшісі.

Қарлы боран, аумақтың көрінбеуі, қозғалысқа қатысушыларға авариялық жағдай туғызатын көктайғақ. Ауа райының нашарлауына байланысты 22 қараша сағат 13:00-ден бастап СҚО аумағындағы автожолдардың келесі учаскелерінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары:

  • А-16 “Жезқазған-Петропавл” (612-946 км, Дружбинское ауылы – Бескөл ауылы)
  • М – 36 “Екатеринбург – Алматы” (729-835 км, Қостанай облысы – Чистополье ауылы)
  • А-1 “Астана – Петропавл” (341-473 км, Ақмола облысы шекарасынан Бескөл ауылына дейін)
  •  Р-11 “Көкшетау-Рузаевка”(612-946 км. Ақмола облысы шекарасынан Рузаевка ауылына дейін)
  •  Р-28 “Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіреберіс” (0-24 км. Саумалкөл ауылынан Қарасай Батыр кешеніне дейін)

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары:

Аудандар: Ғ.Мүсірепов, Айыртау, Тимирязев және Шал ақын.

 

 

 

 

 

 

 

Shares